ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Құрметті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен жас ғалымдары!

Сіздерді 1 қазан-Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке еліміздің жоғары білім жүйесінде еңбек етіп жүрген барша ұстаздар мен ғалымдардың қоғамдағы рөлін айқындайтын, еңбегін бағалайтын маңызды күн болып отыр. Сіздердің әрбіріңіз еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, жаңа буынды білім мен ғылымға баулып, мемлекеттің дамуына зор үлес қосып келесіздер.
Осы жолда еңбектеніп жүрген сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен ғылыми ізденістеріңіз – университетіміздің басты жетістігі.
Бүгінгі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасы амандығын тілейміз! Еңбектеріңіз абырой мен құрметке бөлене берсін!

Құрметпен, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Баспасөз қызметі

Без рубрики