Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы «2021 жылдың үздік инженері» республикалық конкурсын жариялайды


Конкурс еліміздің үздік инженерлерінің жетістіктері мен тәжірибесін насихаттау және инженер мамандығын танымал ету мақсатында өткізіледі.

Конкурсқтың талаптарымен сілтеме бойынша сайтта https://neark.kz/nacionalnaja-inzhenernaja-akademija-re-3-2-2-2/ және телефон бойынша: 8 (727) 292-51-90 танысуға болады.

Конкурсқа қатысуға жоғары инженерлік білімі және құзыреттілігі жоғары деңгейі бар, жасына, лауазымына, ғылыми атағы мен дәрежесіне қарамастан кәсіпорындарда, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде инженерлік жұмыспен айналысатын және инженерлік әзірлемелердің елеулі нәтижелері бар адамдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға кандидатураларды конкурстық комиссияға облыстық атқарушы органдар, ғылыми — техникалық қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өңірлік қоғамдық ұйымдарының басшылары ұсынады.

Өтінімдерді беру мерзімі және конкурсты өткізу шарттары туралы ақпарат ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының ресми сайтында орналастырылады және жыл сайын 12 сәуірде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Құжаттарды қарау осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Іріктеу рәсімі комиссияның конкурсқа қатысушыларға сараптамалық бағалау жүргізуін қамтиды. Қатысушы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген немесе дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда конкурсқа қатыстырылмауы мүмкін.

Конкурстың нәтижелері жыл сайын IV тоқсанда комиссияның қорытынды отырысында шығарылады және жеңімпаздардың тізімін қамтитын хаттамамен ресімделеді.

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНЖЕНЕРІ» естелік медалімен марапатталады.

Без рубрики