Құрметті кәсіподақ қызметкерлері!
Сіздерді 10 – қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кәсіподақ – әр қызметкердің мүддесін қорғап, әділдік пен бірлікті сақтауға үлес қосатын маңызды ұйым. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ұжымда өзара қолдау мен түсіністік орнап, жақсы еңбек ортасы қалыптасып келеді.
Күн сайынғы еңбектеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және ұжым үшін жасап жүрген істеріңізге алғыс білдіреміз!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт және табысты еңбек тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, әр күніңіз қуанышқа толы болсын!
Құрметпен, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Баспасөз қызметі