Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шамиль Осиннің жастармен кездесу


24 ақпан күні Достық үйінде жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шамиль Осиннің жастармен кездесуі өтті. Кездесуге Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Айгерім Исбекова, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Увайс Джанаев, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, сондай-ақ «Жас Орда» жастар ұйымының мүшелері қатысты.

Шамиль Абзалетдинович кездесуге қатысушыларға ҚХА депутаттарының жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып, жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ ел жастарын қолдаудың маңыздылығы туралы пікір білдірді.

Кездесу барысында «Ассамблея жастары» мүшелері жас отбасыларды әлеуметтік қолдау, тұрғын үй құрылысы, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін көтерді. Белсенді жастар ҚХА қызметіне, волонтерлікке және жалпы қоғамдық жұмысқа тартылған жастар үшін ынталандыру шараларын кеңейтуге қатысты бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша халық қалаулысы қатысушыларға айтылған идеялар мен ұсыныстарды ҚХА депутаттық корпусы міндетті түрде талқылайтынын хабарлады.

Без рубрики