Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды:

  • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін
  • Ш. Уәлиханов  атындағы бір сыйлық;
  • педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн
  • Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
  • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
  • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
  • 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.

Негіздеме: 2011 жыл 19 шілдедегі  №830 «Ғылым саласындағы сыйлығы мен мемлекеттік ғылыми стипендиясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2021 жылғы 25 тамыздағы  «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. ҚРҮҚ және қатысу ережелері ҚР БҒМ ҒК  https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/documents/details/205661?lang=ru сайтында орналастырылған.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ да (бұрынғы ХҚКО) қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2021 жылдың 23 қыркүйегі.

  • Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru,
  • бас корпус, 226 кабинет,
  • тел. 56-68-22, ішкі 22-26.
Без рубрики