Қазақстан қоғамының социомәдени трансформациясы жағдайында студент жастар арасындағы этносаралық қақтығыстардың алдын алуды институционалдық реттеу – ғылыми жетекшісі Шорманбаева Д.Г.


Өзектілігі
Қазақ қоғамында жүріп жатқан қарқынды әлеуметтік-мәдени трансформация жағдайында этносаралық қатынастар елдің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақстан — бай тарихи мұрасы мен мәдени әртүрлілігі бар көпэтносты мемлекет ретінде «алуан түрліліктегі бірлік» қағидатына сүйене отырып, этносаралық бейбітшілік пен бірлікті сақтау тұрғысынан әлемге бірегей тәжірибе ұсынып отыр.

Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат
Зерттеу нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі әкімдіктердің ішкі саясат департаменттері қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық мәдени орталықтарының басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері, жоғары оқу орындары мен колледждердің тәрбие жұмысына жауапты тұлғалары, сондай-ақ саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану пәндері бойынша арнайы курстарда қолдануға болады.

Қолдану саласы
Оқыту-әдістемелік материалдар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде және оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, жоба нәтижелерін коммерцияландыру аясында этносаралық келісім идеясын ілгерілету мақсатында қолдануға болады.

Без рубрики