Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Сәулет-құрылыс факультеті «ҚХА және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі болып PhD докторы Шорманбаева Динара Госмановна тағайындалды.
Жаңа кафедра меңгерушісін ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
Динара Госмановнаны тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік пен кәсіби жетістіктер тілейміз.










