«Äz — Nauryz» атты ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар


17 наурыз күні «Политехник» кафесінде «Äz — Nauryz» атты ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындардан жарыс өтті, оған университетіміздің факультеттерінің, жатақханаларының және колледжінің мықты командалары қатысты. Командалар ұлттық спорт ойындарына қатысып, дастархан жайып, өз халқының салт-дәстүрін лайықты таныстырды, ал ән мен би көріністер сәнін келтірді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

Факультеттер арасында: I – ИТК, II – ЖКФ, III – ТКФ.

Жатақханалардың арасында: I — «Студенттер үйі» СҮ, II — №3 жатақхана, III – «Армандастар Ордасы» СҮ.

1-орын алған командалар іс-шара демеушілерінің сыйлықтары мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Без рубрики