Ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті


💣Инновациялық технологиялар колледжінде КОРМПИ-11/24-2 тобында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті.

🧨Бұл кездесудің мақсаты : студенттерге Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу және оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

🌟Кездесуге колледжіміздің құрметті қонағы, Ауған соғысының ардагері Муздыбаев Аян Абдыгалымович арнайы шақырылды.

📍Ардагеріміз өз борыштарын адал атқарған Ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтан әділетті орын беру бүгінгі күннің маңызды мәселесі деп айтып өтті. Бейбітшілік үшін күрескен ағалардың ерлігін сақтау, оларды үлгі-өнеге тұту — әрбір қазақ азаматының борышы. “Жас ұрпақ бұдан үлгі — өнеге алуы керек”- деп шараның мәні мен маңызына кеңірек тоқталды. Ауған соғысының ардагері сол сұрапыл соғыстағы ауыртпалықтарды, бастан кешкен оқиғаларын айта отырып, студенттерді бейбіт күннің парқын біліп, қастерлеуге шақырды.

🙌Ардагерге студенттер ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Кездесу соңында студенттер өз тілектерін білдірді.

Без рубрики