Атамекен


Жаңа, 2021 жыл қарсаңында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның 2020 жылғы Жоғары оқу орындарының рейтингін ұсынды.

Зерттеуді «Атамекен» ҰКП ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілерді тарта отырып жүргізді.

Рейтингке ІІМ, ҰҚК және ҚР Қорғаныс Министрлігінің ведомствосынан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орындары қатысты.

Рейтингті құру кезінде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және оқушылардың жетістіктері ескерілді.

Бұл рейтингке Қарағанды техникалық университетінің 35 білім беру бағдарламасы қатысты, олардың 24 – і ТОП-10-ға кірді.

Бірінші орынды «Тау-кен ісі», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламалары алды.

Екінші орынды «Көлік құрылысы», «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру», «Металлургия», «Машина жасау», «Жылу энергетикасы», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламалары алды.

Қазіргі уақытта академиялық рейтингтер көрнекілікке, ықшамдылыққа және ақпараттылыққа байланысты университеттер мен білім беру бағдарламаларын салыстырмалы бағалаудың ең танымал құралы болып табылады.

Қарағанды техникалық университеті осы рейтингте өз позициясын айтарлықтай жақсартты, бұл бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін, жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамды, университеттің халықаралық деңгейде танылуын және даму стратегиясының тиімді саясатын тағы да растайды.

Без рубрики