Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Дауылды жырдың дауылпазы» атты әдеби кеш өткізілді


Қасым Аманжолов өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандарының сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Қасым қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. Осы кеште Қасымның қасіретті балалық шағы туралы, орындай алмай кеткен армандары туралы сөз қозғалған болатын. Сонымен қатар өмірі мен шығармашылығы жайында бірнеше тың деректер тыңдалды, Қарағанды қаласының зерттеу орталықтарының жұмыстары туралы айтылды.

Кеш қонақтары:

  • Жарылғапов Жансая Жаңғазыұлы — филология ғылымдарының докторы, профессор, Қасымтану ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, әдебиеттанушы.
  • Серік Сағынтай – Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Қасым республикалық әдеби қоғамдық журналының бас редакторы, жазушы. 
  • Алмаз Әмірбекұлы Мырзахметов – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. 
  • Қайырбек Сәуле Нәзірбекқызы – Теміртау қаласының № 4 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары, Қасымтанушы, 20 жыл педагогикалық өтілі бар зерттеуші педагог, Қасым ауылының тумасы.
  • Хамзина Карлыгаш Мауеновна – филология ғылымдарының кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениет кафедрасының доценті.
  • Іс-шараны ұйымдастырушылар: химия және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Алиева М.Р., және оқытушы Амирхан А.А., БТ, ХТОВ, ОПИ-20-1 топтарының студенттері.

Іс-шараға 100-ден астам студент және оқытушылар қатысты.

Без рубрики