Қашықтықтан оқыту технологиялары


Оқытуды жекелендіру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; оқытудың дәстүрлі түрі бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ адамдарға білім беру тұрғысынан қызмет көрсету оқу үдерісін қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы ұйымдастырудың маңызды мәселелесі болып табылып отыр.
ҚОТ бойынша білім беру үдерісінің негізі білім алушының өзіне қолайлы жерде, қолайлы уақытта мақсатты түрде, қадағаланатын, қарқынды, өз бетімен дәріс алуында жатыр.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ҚОТ бойынша бакалавриаттың атты  бойынша Сырттай-қашықтықтан оқыту факультетінің студенттері білім алып жатыр.
Университетте ҚОТ ұйымдастыру мен іске қосу оқытудың Web-порталында 5 мыңнан астам электронды оқыту қорлары орналастырылған. Оқу қызметінің барлық түрі оқытушының (тьютордың) студенттермен байланыс түрлерінің электронды құралдары мен студенттің оқыту құралдарының қолдана отырып өздік жұмысын орындау сияқты педагогикалық қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей байланыс жасау сағаттарына кеңес беру, бақылау, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды, реферат, эссе, курс жобаларын қорғау, аралық және қорытынды аттестациялар енеді.
Студенттердің білім сапасын қадағалаудың барлық түрі негізінен автоматталған компьютерлік жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Сессиялар кезінде студенттер теориялық материалдарды өз бетімен зерделеп, тьюторлардан кеңес алады. Өздік жұмыс пәннің барлық оқу материалдары бойынша интерактивті кеңес беру түрінде өткізіледі. Кеңес беру жүйесі бетпе-бет кеңес беру тақырыптары (білім алушының тілегі бойынша); қашықтықтан жеке кеңес беру (бақылау, аттестациялау жұмыстарына телефон, e-mail, чат, форум арқылысын-пікір жазу); қашықтықтан топтық кеңес берулерді (чат, Web-сайтында жиі қойылатын сұрақтардың FAQ рубрикасы, телеконференциялар түрінде) қамтиды.
Студенттің қалауы бойынша оқыту кейстік немесе өрістік қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқытудың кейс технологиясы бойынша пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қамтитын оқуға арналған негізгі ақпарат электронды оқу-әдістемелік кешендерде, яғни әрбір білім алушы қамтамасыз етілетін оқу пәндері кейстерінде орналасады. Кейстер студенттерге оқу ақысын төлеу мен арнайы сауалнаманы толтырғаннан кейін СҚОИ-дың компьютерлік сыныптарында беріледі. Кейсті алу фактісі беру реестрінде тіркеледі.
Өрістік технология бойынша білім алушы барлық ақпаратты Университеттің электронды қорлардың Internet-нұсқалары орналасқан Web-порталдағы http://www.kstu.kz сайтынана таба алады.

Порталдағы сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу арнайы даярлықтан өткен университеттің шығарушы және жалпы білім беруші кафедраларының оқытушылары-тьюторлармен жүзеге асырылады.
ҚОТ бойынша оқу түріне ауысу үшін білім алушы СҚОИ директорының атына қажетті және растайтын құжаттарын пайдалана отырып уәждемелік өтініш жазады.
Оқытудың сырттай оқу түрінің келешегі барлық мамандықтарға ҚОТ енгізумен байланысты болып отыр.

Без рубрики