Әбілқас Сағыноа атындағы Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері үшін Discovery Borovoe кешенінде көшпелі тренинг ұйымдастырылды. Университет психологтары – Әлеуметтік-психологиялық қызметтің басшысы Наталья Литвинова және психолог Наталья Мандровская кәсіби деформация және психо-эмоциялық күйзелісті алдын алу тақырыбында сабақ өткізді. Шараны ректордың HR жөніндегі кеңесшісі Алия Орсаева ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыру, күйзеліс деңгейін төмендету және өзін-өзі ретке келтіру дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында ішкі психикалық ресурсты қалпына келтіруге арналған заманауи әдістер қолданылды: арт-терапия, медитация, визуализация, дене-бағдарланған психотерапия элементтері және санасыздықпен жұмыс істеу тәжірибелері.
Қазіргі заманда әрбір адам эмоционалдық күйзеліске ұшырауы мүмкін, сондықтан мұндай тренингтердің маңызы жоғары. Қатысушылардың пікірінше, мұндай шаралар ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге, стрессті төмендетуге және психологиялық саулықты сақтауға практикалық құралдар алуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде кәсіби тиімділік пен қызмет сапасын да арттырады. Ректордың HR жөніндегі кеңесшісі Алия Орсаева мұндай тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.











