«ҚарТУ Сұлтаны мен Сұлуы» сұлулық және таланттар сайысы


2022 жылдың 29 сәуірінде К. Станиславский атындағы театр қабырғасында А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «ҚарТУ Сұлтаны мен Сұлуы» сұлулық және таланттар байқауы өтті. Қатысушылар визит карточкасы, ұлттық костюмдерді көрсету, зияткерлік жекпе-жек, кешкі көйлектердегі дефиле сайыстары бойынша бақ сынасты.

Гран-при және «ҚарТУ Сұлтаны мен Сұлуы» атағының иегерлері Мұханбет Нұрболат (МФ) және Боранбаева Диляра (ФЭАТ) болды. Байқау қорытындысы бойынша 1 – орын Какенов Андрей (ФИЭМ) мен Шлатай Аружан (МФ), 2 – орын Олжабекұлы Бекжан (КИТ) және Серік Меруерт (ФЭАТ) иеленді.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды, қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және демеушілер атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал көрермендер жағымды эмоциялар мен әсерлер алды, сондай-ақ сайыскерлермен көптеген селфи жасады.

Без рубрики