ҚарТУ мен «Борусан Макина Қазақстан» ЖК ЖШС арасында Ынтымақтастық туралы шарт жасалды


Кәсіпорындармен жұмыс кестесі бойынша Қарағанды техникалық университетінің өкілдері 2022 жылғы 11 ақпанда «Борусан Макина Казахстан» (БМК) ЖК ЖШС көшпелі кеңес өткізді.

Университет тарапынан аталған кеңеске атқарушы директор — т.ғ.д., профессор А.З. Исағұлов, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор — PhD докторы Хуанган Н.Х., кафедра меңгерушілері: «Көлік, көлік техникасы және логистикалық жүйелер» — т.ғ.к., доцент С.Ж. Қабыкенов, «Нанотехнология және металлургия» — т.ғ.к., профессор В.Ю. Куликов, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» — PhD докторы В.В. Югай, сондай-ақ т.ғ.к., «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының доценті И. А. Бартенев қатысты.

БМК басшылығы тарапынан қатысқандар: БМК Компоненттерін Қалпына келтіру Орталығының Қарағанды филиалының директоры А. Омаров, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары А. Құсайынов, бас инженер С. Нұрахметов, оқыту және дамыту жөніндегі супервайзер А. Мизамбаев және сервистік оқыту супервайзері К. Әбілдин.

БМК өкілдері ҚарТУ қызметкерлері үшін кәсіпорынның негізгі өндірістері мен цехтары бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.

БМК мен «ҚарТУ» КЕ АҚ арасында тығыз ынтымақтастық жөнінде кең пікір алмасу жүрді. Дуальды оқытуды ұйымдастыру, студенттердің өндірістік практикадан өту мәселелері анықталды, арнайы пәндерді өзектендіру және келісу бойынша бірлескен жұмыстардың егжей-тегжейлі жоспарлары белгіленді.

Бұдан басқа, БМК тарапынан жақын арада бірлескен ғылыми зерттеулер, көлік, машина жасау, дәнекерлеу өндірісі, гидравлика және энергетика бойынша ҒЗТКЖ-ны орындауға арналған шарттар шеңберінде ҚарТУ ғалымдары одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауға арналған мәселелер ұсынылатын болады.

Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша ҚарТУ базасында әрекет ететін «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумының шеңберінде «Борусан Макина Казахстан» ЖК ЖШС және «ҚарТУ» КЕ АҚ арасында ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

Без рубрики