ҚарТУ-дың цифрлық кітапханасы


Қарағанды техникалық университетінің іргелі кітапханасында планетарлық сканерде кітаптарды цифрлау жүзеге асырылады. Сканерленген кітаптар кітапхана серверінде сақталады. Бұл туралы жазба электронды каталогта жасалады, содан кейін электронды кітапханада толық мәтінді құжат орналастырылады, онда 34 мыңнан астам электронды кітап бар.

Электрондық кітапты бір уақытта кез-келген адам саны оқи алады. Бұл ретте цифрлық кітапты болашақ инженерлер өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта жүктей алады.

«Электронды кітапхананы жиі пайдалана бастады. Бір жыл ішінде электронды кітаптарды 19 мыңнан астам оқырман пайдаланды. Бұл белгілі бір беттерді қарау, басылымның электронды нұсқасын жүктеу немесе кітапты электронды түрде жеткізуге тапсырыс беру болды», — дейді кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Оксана Солощенко.

КарТУ-дың баспасөз қызметі

Без рубрики