Салтанатты іс-шара аясында өңірдің жас ғалымдарымен кездесу ұйымдастырылды.
Университет ғалымдары ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған «SCIENCE JAM: Қарағандыға арналған идеялар» брейнштормингі барысында өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шарада университеттің коммерцияландыру кеңсесінің экономисі Иван Субботинге партия билеті табысталды. Сонымен қатар, ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлестері үшін Партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Б. Алтынбековтің Алғыс хаттарымен Ғылым және инновациялар департаментінің инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің инженері Карина Алтайбаева, т.ғ.м., Ғылыми зерттеу қызметі бөлімінің инженері Шәдетқызы Айтолқын және э.ғ.м., Коммерцияландыру офисінің экономисі Иван Субботин марапатталды.
Жас ғалымдармен өткен брейнштормингте қазылар алқасының мүшесі ретінде атсалысқан Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Зауре Қартова Алғыс хатқа ие болды.


