Қарттар мен мүгедектер үйіне «Рақым»қайырымдылық акциясы


09 қыркүйек 2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің “Рахмет” волонтерлық клубының ерікті студенттері «Aqniet” қайырымдылық қорымен бірлесіп “Қамқорлық” жыл сайынғы акциясы аясында қаламыздың “Благодать” атты қарттар мен мүгедектер үйіне барды.
Колледж директоры Смағұлова Нұрбибі Абсадыққызының бастауымен өтетін жыл сайынғы акцияға осы жылы да колледж студенттері мен ата-аналары белсене қатысып, азық-түлік пен алғашқы керек заттармен көмек қолдарын созды, осы орай да осы акцияға ат салысқан барша жандарға алғысымыз шексіз. Тағдырдың жазуымен осы үйге келген қариялардың көңілдерін көтеріп, мерекелік кеш өткізді.

Әдеттегідей қарттар үйіне барып, концерт қойып кету деген мақсат болған жоқ. Мақсатымыз осында тағдырдың айдауымен келген қамкөңіл аталар мен әжелердің бір сәт болса да көңілдерін жадырату еді. Жастар қариялармен сөйлесті, сырласты, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдады. Мұндай кездесулер жастарды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді деген ойдамыз.

Қарттар-асыл қазынамыз деп айтып кеткендей, барша Қазақстан халқын 1 қазан-Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отыра, жас ұрпақты осы мереке аясында жақсылық жасауға шақырамыз!

Без рубрики