Қарттар күні Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары өз ардагерлеріне құрмет көрсетті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да бөлімшелердің еңбек ұжымдары үшін Қарттар күні ЖОО-ның кафедралары мен қызметтерінде көп жыл еңбек еткен бөлімшелердің ардагерлеріне барып құттықтау жақсы дәстүрге айналды.

Сонымен, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ұжымы өз кафедрасының еңбек ардагерлері: Нағұман Пахчан Негматуллаұлы, Жақыпова Айкен Сәкенқызы, Малыбаева Марияш Қадыркенқызы, Хожина Жәмиля Хасенқызы, Бакланова Елена Николаевнаға барды.

Келе жатқан мерекемен құттықтап, адал еңбегі, зор өмірлік тәжірибесі үшін алғыс сөздерін білдірді!

Жакупова Айкен Сәкенқызы біздің ЖОО-да 40 жылдан астам жұмыс істеді. 1990 жылы атмосфераны күкіртті сутектен глицеринмен тазартудың тиімді әдісі үшін «КСРО өнертапқышы» төсбелгісімен марапатталды.

Университеттің негізін қалаушы, Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С. Сағынов айтқандай: «Жоғары мектептің басты міндеті – жеке тұлғаны тәрбиелеу», ал Айкен Сәкенқызы осындай жастардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Осындай тұлғалардың бірі жетекшілік ететін топтың бұрынғы студенті – «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы -Ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов.

Малыбаева Марияш Қадыркенқызының мамандарды даярлау саласындағы кәсіби жетістіктері Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2008 ж.), университеттің 50 жылдығына, 55 жылдығына, 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ ЖОО ректорының алғыс хаттарымен (2011 ж., 2018 ж.) атап өтілді.

Нағұман Пахчан Негматуллаұлы еңбек жолын ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтынан бастады, оған өмірінің 20 жылын арнады. Ол жерден терең кәсіби білімі бар маман ретінде Қарағанды политехникалық институтына ауысып, «Өнеркәсіптік экология және химия» кафедрасында өзін оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарының шебер ұйымдастырушысы ретінде көрсетті.

Құрметті ардагерлер, баршаңызға еңбектеріңіз, даналықтарыңыз, кең пейілдеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әрдайым көңілдеріңіз жас, жігерлі және өмір жастарыңыз ұзақ болуын шын жүректен тілейміз!

Без рубрики