ҚарМТУ геологтар күнін атап өтті


2017 жылдың 5 сәуірі күні  «Жастар әлемі» студенттер сарайында Геологтар күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.  Оған ҚарМТУ оқытушы-профессорлар құрамы және аймақтың ірі өндіріс орындарының өкілдері қатысты. Бұл жиында тау-кен факультетінің таланты студенттері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жиналған жұртшылықты өнерімен сүйсіндірді.

Мереке қонақтарын атап айтар болсақ, олар: «ИПКОН» ЖШС-нің ғылыми қызметкері  П.В. Ермолов, «Центрказнедра» МД басшы міндетін атқарушы Б.Г. Мусиева, «Центргеологосъемка» ЖШС-нің президенті  Х.К. Исмаилов  және осы мекеменің қызметкерлері  Р.М. Антонюк және Г.К. Салимова; р «Қарағанды машина жасау  консорциумы» ЖШС-нің  директоры Б.М. Кенжин; «Азимут геология» ЖШС-нің директоры Р.К. Мустафин және өңірлік өндіріс орындарының өзге де өкілдері мерекелік шараның төрінен орын алды.

ҚарМТУ-дың ғылыми жұмысы жөніндегі проректоры Сергей Георгиевич Ожигин салтанатты жиынды ашу рәсімінде: «Геология – өз алдына бір әлем, ал геологтар – бұл өзгеше адамдар. Біз, геологтар, жер қойнауында жатқан қазынаны тек алу үшін ғана жұмыс істемейміз. Біз сондай-ақ  Жер-ана ұсынған байлықты сақтау үшін де қызмет етеміз. Жер-ананың жомарттығын әсіре пайдалануға жол бермей, ұрпақтарға мұра етіп қалдыру үшін бар мүмкіндіктерді қарастырамыз. Студенттерге айтарым, өздерің білімнен сусындап отырған  ҚарМТУ-дың Тау-кен факультетінің жалауын жерге түсірмеңдер, факультет намысын қорғап, еліміз бен халқымыздың игілігі үшін университетіміздің мақтанышы болатындай қызмет қылыңдар!».

Шын мәнінде, геология ғылымының қойнауы кенге толы өлкеміз үшін қаншалықты маңызды екені айтпаса да, түсінікті. Сондықтан ҚарМТУ сияқты қара шаңырақта білім алып, болашақта тау-кен саласын дамытуға ғұмырын арнамақ жастарға аға буынның ақылын тыңдап, үлгі алатын  осы сияқты кездесулер керек-ақ.

 

Без рубрики