2020 жыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еріктілер жылы болып жарияланды. ҚарМТУ студенттері бұл шешімді үлкен ықыласпен қарсы алды. Мемлекет басшысы еріктілікті ұлттық деңгейде ғана емес, әр қала мен ауылда да дамыту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты «Жас Орда» Жастар қауымдастығының құрылымында волонтерлер штабы құрылды. 250-ден астам студент еріктілер Qazvolunteer.kz бірыңғай платформасында тіркелді және белсенді жұмысқа кірісті.
COVID-19 пандемиясы және Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізу осындай қиын, күрделі уақытта қоғам бірлігінің рөлі маңызды екенін көрсетті. Пандемиямен күрес майданында алдыңғы қатарда болған адамдар: дәрігерлер, полиция, әскери қызметкерлер және еріктілер.
Карантин кезеңінде зейнеткерлерге, көп балалы, әлеуметтік жағынан төмен отбасыларға қолдау көрсету өте маңызды. Осы мақсатта ҚарМТУ-дың еріктілер-студенттері #Bizbirgemiz кең ауқымды акциясы аясында аталған санаттарға көмек көрсетуге белсенді қатысты.
Сонымен, 26-27 наурызда 2020 ҚарМТУ волонтерлері аз қамтамасыз етілген отбасыларға және жалғыз басты зейнеткерлерге бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді тарату бойынша «Мен болмасам кім?» атты акциясын өткізді. ҚарМТУ-дың жастар саясаты Департаменті қызметкерлерінің, студенттерінің жеке қаражатына алынған бірінші қажеттіліктегі 8 азық-түлік себеті таратылды.
2020 ж. 11 сәуірінде «Жас Орда» ЖҚ волонтерлері Қарағанды облысының ҚХА-мен бірлесе отырып, ҰОС ардагері А.П. Головановқа барып, бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етті.
6-7 мамыр күндері ҚарМТУ еріктілері Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазыбек би атындағы аудан әкімшілігіне ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» медалімен марапаттауда көмек көрсетті.
7-10 мамыр аралығында ҚарМТУ волонтерлері «Saryarqa Jastary» волонтерлік штабымен бірге «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен 1500 отбасына азық-түлік себеттерін таратты. Әлеуметтік себеттер аз қамтылған отбасыларға, қарт адамдарға, мүгедектерге таратылды. Волонтерлер азық-түліктерді қораптарға салып орауға көмектесті, сондай-ақ азық-түліктерді пәтерлерге дейін жеткізді.
Карантиннің бүкіл кезеңінде ҚарМТУ волонтерлері зейнеткер Г.М. Лапушкинаға көмек көрсетті (азық-түлік жиынтығын жеткізу), оның ұлы біздің университет студенті болған және Ауғанстандағы жауынгерлік қимылдарының нәтижесінде қаза тапты.
Қазіргі жағдайға қарамастан, жастар мұқтаж жандарға ел игілігі үшін көмектесуге дайын екендігі бізді қуантады. Әлеуметтік төмен топтарға көмек көрсету жұмыстары сөзсіз жалғасын табады.