ҚарМТУ-да көшбасшылық сабақтары


30 қазан күні университеттің бас ғимаратында студенттер шын мәнінде аты аңызға айналған адам, тәуелсіз Қазақстанның бірінші сыртқы істер министрі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың курстасы және серігі болған, саяси ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында профессоры Төлеутай Сқақұлы Сүлейменовпен кездесті.

Төлеутай Сқақұлының әңгімелері өте қызықты да тартымды, ол бірнеше шет тілін меңгерген. Онымен мұндай кездесулер дәстүрге айналды – ол құрметті қонақ ретінде жиі келіп тұрады!  Студенттер оны үлкен ықыласпен тыңдады – ол кісінің өте маңызды айтар әңгімелері мен ұшқыр ойлары баршылық.

Университет түлегі, оның мақтанышы! Елбасымен бірге Қарметкомбинатты құру мен дамытудың бастауында тұрды, алғашқы Қазақстандық шойынды балқытуға қатысушылардың бірі болды.

Кейін дипломат болды — КСРО СІМ Дипломатиялық академиясында оқыды,  одан әрі СІМ Орта Шығыс елдері бөлімінде жұмыс істеді, Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы Бас консулдықтың консулы (қазіргі Ауғанстан Ислам Республикасы), Иран Ислам Республикасындағы КСРО Елшілігінің кеңесшісі.  Н. Ә. Назарбаевтың шақыруымен Отанына оралды — еліміздің бірінші Сыртқы істер министрі (1991-1994 жж), содан кейін АҚШ, Венгрия, Польша, Чехия, Болгария, Румыния, Бельгия, Люксембург, Нидерланды және бірқатар басқа да елдерде елші болып жұмыс істеді, Еуропалық Одақ пен НАТО жанындағы өкілдіктің басшысы (30 жылдан астам шетелде дипломатиялық қызметте жұмыс істеді).

2005 жылдан бастап Дипломатия институтының директоры-вице-ректор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының «Сыртқы саясат» кафедрасының профессоры,     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚарМТУ-нің құрметті профессоры.

Кездесу жылы және ілтипатты жағдайда өтті. Құрметті қонақ қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесудің соңында жалпы естелік суретке түсті.

Без рубрики