ҚарМТУ Астана қаласындағы «НұрОтан» партиясы фракциясы жанындағы комиссия отырысына қатысып қайтты


2017 жылғы 24 сәуірде сәуірде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссияның «ИДМБ базалық ЖОО жанындағы инновациялар орталықтарын құру туралы» тақырыбындағы көшпелі отырысы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсаты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу мәселелері талқыланды.

Комиссия отырысының жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары – Комиссия мүшелері, ҚР Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрліктерінің өкілдері, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бірқатар базалық жоғарғы оқу орындарының өкілдері, солардың қатарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің басшылығы қатысты.

Статистикалық мәліметтер бойынша, зертханалар құруға 2016 жылы Ұлттық қордан 3 млрд. теңге бөлінген. Жылдың қорытындысы бойынша 49 шетелдік серіктес ЖОО-нан, сондай-ақ республикалық және өңірлік индустриаландыру карталарына енген 44 кәсіпорыннан сараптама қорытындылары алынған.

Қазіргі таңда республика бойынша ЖОО зертханалармен жабдықтау жұмыстарын толығымен аяқталған. 2016 жылы қаражатты игеру Денсаулық сақтау министрлігі бойынша –699,9 млн тенге (99,9%), Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша – 595,1 млн. тенге (95,6%), ҚР Білім беру министрлігі бойынша – 1677,4 млн тенге (99,9%) болған. Ал қалған қаражат мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделген қаржы болып есепке енген.

Қаржыландыру негізнде құрылған жаңа зертханалар магистранттар мен студенттердің зерттеулер жүргізуіне арналады, оның нәтижелері магистрлік және дипломдық жобаларды жазу кезінде пайдаланылады. Осы зертханаларды акредиттеу жоғары оқу орындарында пәнаралық ғылыми зерттеулерді және олардың нәтижелерін коммерцияландыруға мүмкіндік бермек.

Без рубрики