Қарағандының жас ғалымы өндірістегі кескіш құралдарды қайта қалпына келтіретін тың әдістеме ойлап тапты


Жас ғалымдар бейнежобасының кезекті кейіпкері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Медғат Мұсаев. Ол өзінің кәсіби жолында ғылым мен өндірістің өзара байланысын терең зерттеп келеді.

Бүгінде Медғат Мұсаев «Шинатескіш станок құралының тозуға төзімділігін арттыру және құрылымын жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр.

Ғалымның айтуынша, әзірленген технологияның әлеуетті тұтынушылары болып тескіш станоктары бар отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар саналады. Әзірленген технология сондай-ақ сол құралдың құрама конструкциясы коммерцияландырудың жоғары деңгейіне ие.

Медғат Мұсаев – өндірісті ғылыммен ұштастыра отырып, ғылым мен жоғары білім саласында ел экономикасын өркендетуге өз үлесін қосып келе жатқан дарынды жас ғалымның бірі.

Без рубрики