Қарағандыда «Қытай тілі көпірі» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды


2024 жылдың 13 сәуірінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Конфуций институтында «Қытай тілі көпірі» байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Байқау үш жас санатында өтті.

6 жастан 11 жасқа дейінгі бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін «Қытай тілі, шаттық және ойын-сауық» тақырыбы анықталды.

12-17 жас аралығындағы орта мектеп қатысушылары үшін ұйымдастырушылар «Қытай тілімен биікке самғау» тақырыбын таңдады.

Студенттерге арналған байқаудың тақырыбы – «Бір әлем, бір отбасы».

Орта мектеп қатысушылары мен студенттерге арналған байқау екі кезеңде өтті. Олар қытайдың географиясы, тарихы,

экономикасы мен мәдениеті туралы тестілеуден өтіп, өздері туралы айтып, шығармашылық нөмірлерін көрсетуі керек еді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

Бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында: 1 орынды Дарья Слюнченко алды, 2 орын Мансур Мансуровқа берілді, 3 орынды Вычужин Тимур жеңіп алды.

Орта мектеп қатысушылары арасында жеңімпаздар: 1 орын — Кузнецова Ева, 2 орын — Беседина Ульяна, 3 орын – У София.

Студенттер арасында жеңімпаздар: 1 орынды Серікова Камила, 2 орынды Малышкина Яна, 3 орынды Мейрамова Саида иеленді.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен естелік сыйлықтар алды.

Сондай-ақ, әр топтағы үш жеңімпаз Алматы қаласында өтетін конкурстың республикалық кезеңіне қатысады.

Без рубрики