Қарағанды техникалық университетінің жетекші ғалымдары мен оқытушылары «2021 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлері атанды


Республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қарағанды техникалық университетінің 7 оқытушысы «2021 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері атанды:

  • Кадыров Адиль  Суратович;
  • Калинин Алексей Анатольевич;
  • Мусаев Медгат Муратович;
  • Пак Дмитрий Юрьевич;
  • Портнов Василий Сергеевич;
  • Шаихова Гульназира Сериковна;
  • Шоланов Корганбай Сагнаевич.

Бұл ретте т.ғ.д., профессорлар А. С. Кадыров және В. С. Портнов, сондай-ақ т.ғ.к., доцент Д.Ю. Пак «ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының бірнеше мәрте иегерлері болып табылады.

Айта кетейік, конкурс ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ комиссия құрамында ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар болды.

Конкурсқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.

«2021 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлерін құттықтаймыз және оларға шығармашылық жетістіктер, ғылыми жаңалықтар мен өркендеу тілейміз!

Без рубрики