Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсы жарияланды!


Құрметті әріптестер, 2022 жылдың 28 наурызынан бастап Қарағанды техникалық университеті университеттің жас ғалымдары арасында ғылыми жобаларды іріктеу бойынша конкурс өткізетінін хабарлаймыз.

Байқауға жасы 35 жастан аспаған Қарағанды техникалық университетінің штаттық оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

2022 жылы бөлінетін гранттар саны – 5.

Гранттты қаржыландыру университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен 500 000 (без жүз мың) теңге көлемде жүргізіледі:

Өтінімдер 2022 жылдың 15 сәуірге дейін электронды және қағаз түрінде ҒжИД қабылданады (226-кабинет, бас корпус, e-mail: dn-kstu@mail.ru)

Байқауды ұйымдастырушы 2022 жылдың 21 сәуірінде байқау комиссиясының алдында қатысушылардың жобаларын тыңдау рәсімін жүргізеді. Өтінім формасы «Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы ережеде» ұсынылған.

Алдағы конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты ҒжИД алуға болады, тел. 56-51-87, e-mail: dn-kstu@mail.ru

Байқау туралы ереже

Без рубрики