Қарағанды техникалық университетінде ЖОО-ның вакцинацияланған студенттері мен магистранттары арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді


27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында вакцинацияланған әрбір студент немесе магистрант вакцинация паспортын электрондық поштаға жіберіп, ұтыс ойынына қатысуға өтінім беру мүмкіндігіне ие болды.

15 қазанда бағалы жүлделерді ойнатудың ақтық кезеңі өтті, онда келесі нәтижелер шығарылды:

  • 30 қатысушы 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде ағылшын тілін үйренуге сертификат алды;
  • 30 қатысушы 2022 жылдың жазына ҚарТУ-дың «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама алды;
  • 30 қатысушы 32 GB-тық USB Флэш-дискісін жеңіп алды.

Ұтыс ойыны кездейсоқ сандар генераторының платформасында өткізілді.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау университет басшылығы өкілдерінің қатысуымен 27 қазанда өтті.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және Қарағанды техникалық университетінің барлық білім алушыларына денсаулық пен барлық бастамаларына табыс тілейміз!

Без рубрики