Қарағанды қаласының ОПБ учаскелік полиция инспекторларымен кездесу


19-20 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жатақханаларында студенттер Қарағанды қаласының ОПБ учаскелік полиция инспекторларымен кездесуі өтті. Құқықтық негіздегі ережелер түсіндірілді, жатақханаларда жиі кездесетін тәртіп бұзушылықтар туралы мысалдар келтірілді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері алаяқтар желісіне кірмеу және қаржы пирамидаларын басқа ұйымдардан қалай ажырату туралы бірқатар ұсыныстар берді.

Кездесуге университеттің психологиялық қызметінің өкілдері де қатысты. Қызметкерлер студенттермен танысып, оларды кез келген толғандыратын мәселелер бойынша психологиялық қызметке жүгінуге шақырды. Естеріңізге сала кетсек, студенттерге психологиялық кеңес беретін психологиялық қызмет өкілдері 1 корпус 322-324 кабинеттерде орналасқан. Сондай-ақ қызмет көрсетушілердің электрондық пошталары төменде көрсетілген psyhelpcenter.ktu@gmail.com және Instagram әлеуметтік желісіндегі бет-psyhelp.ktu

Без рубрики