«ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОЛЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕКӨПІР


2024 жылдың 19 сәуірінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгеруші м.а., Қ.М.Хамзина және кафедра ұжымының ұйымдастыруымен Түркия, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жолы» атты халықаралық телекөпір өтті.

Телекөпір мақсаты:

  • Коммуникациялық алаңды қалыптастыру;
  • Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау;
  • Халықаралық кәсібиқарым-қатынас шеңберін кеңейту.

Модератор: Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы – ф.ғ.к., доцент, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі м.а.

Телекөпір спикерлері:

  1. OrhanSöylemez – Prof. Dr., Kastamonu Üniversitesi, İnsan ve Toplum Bilimleri Fakültesi, Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları Bölümü Başkanı (Проф.Доктор., Кастамону университеті, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі);

2.Қалыбекова Қаламқас Сағындыққызы, ф.ғ.к., доцент, «Болашақ» бағдарламасының 2024 жылғы стипендиаты, Түркия.

3.Нургужина Гулара Мауленовна – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің тіл білімі кафедрасының, қауымдастырылған профессоры, доценті,  п.ғ.к..

4.Жекеева Кенжетай Омаровна – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті, ф.ғ.к.

5.Абдықадырқызы Гульзада – И. Әбдірайымов атындағы Қырғыз авиациялық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, аспирант.

6.Жунусбекова Гулден Ермухановна – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының аға оқытушысы.

Телекөпірге қатысушылар: жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер.

Без рубрики