Қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыстар айлығы басталды!


2020 жылдың 7 сәуірі мен 7 мамыры аралығында біздің облыста қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыстардың айлығы өткізіледі. Бұл шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 28 жылдығына және халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді дамыту, тұрғындар арасында азаматтық сезімді қалыптастыру, өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, өз халқының тарихына құрмет сезімін ояту.

Қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында іс-шаралар қашықтық режимінде өтеді. Әрбір іс-шараның басты тақырыбы Ұлы Жеңістің, ерліктің, батылдықтың, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңындағы жеңімпаз ұрпақтың парызы болады.

Без рубрики