Алтын жүрек анамыз!


Инновациялық технологиялар колледжінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Имашева Т.Б. 1 курс К16-1 тобымен бірге 4 корпус 230 аудиторияда 6 наурыз 2017 жылы «Алтын жүрек анамыз!» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Колледж директоры Смагулова Н.А., колледж маманы Ауэзова Б.М., ҚарМТУ кітапханасының қызметкері және т.б. мұғалімдер сабаққа қатысты. Тақырыпта Қазақстанның бірінші ханымы, Бөбек балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның  өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік –рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы-өзара түсіністік пен сыйластық сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Өзін-өзі тану әлемнің басты мақсаты –ұл-қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен уйлесімділікпен өмір сүруге баулу туралы айтылды.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша студенттер арасында жүргізілген «Анашым» атты тақырыбында ЭССЕ жазып, белсенділік танытқандары үшін К16-1 тобының студенттері АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды.

Без рубрики