Алаяқтардың құрбаны болмаңыз


Болашақ мамандарда қаржылық алаяқтықтың әртүрлі түрлері және қаржылық қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы базалық түсініктерді қалыптастыру мақсатында 22-24 қараша аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Жастар саясаты департаменті ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен бірлесіп «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында тақырыптық дәрістер өткізді.

Спикерлер ретінде ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі З.М. Құсманова және ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы А.С. Болегенов сөз сөйледі.

Спикерлер студенттерге қаржылық алаяқтық түрлері, соның ішінде интернет-алаяқтық, қосарланған сайттар және скриминг пен трапингтің құрбаны болмау туралы айтты.

Егер сіз онлайн-ойындар түрінде осындай қаржы пирамидаларына тап болсаңыз, онда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтінішпен хабарласыңыз:

  • жазбаша формада мына мекен-жайға: А15с9т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй;
  • egov.kz  электрондық үкімет порталы арқылы;
  • Агенттіктің өңірлік өкілдерінің басқармасына (тұрғылықты жері бойынша).

Сіз Агенттік орталығы арқылы қаржы пирамидалары туралы айтып «1459», +7 (272) 3271000 номері; «Fingramota Online» мобильді қосымшасы бойынша тегін кеңес ала аласыз.

Сақ болыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан қорғаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Без рубрики