АЛАМАН-2022


2022 жылдың 26 сәуірінде «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Серпін» бағдарламасы арқылы түскен 1-курс студенттері арасында «Аламан-2022» сайысы өтті. «Аламан» сайысы «Мамандығым мақтанышым!», «Менің мақтан тұтар мекенім»,  «Өнерлінің өрісі кең» атты бөлімдерден тұрады. «Мамандығым мақтанышым!», «Менің мақтан тұтар мекенім» атты бөлімде студенттер бейнеролик түсіреді. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында студенттер өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыс қорытындысы бойынша «Менің мақтан тұтар мекенім» атты бейнеролик  байқауында СИБ-21-4 тобының студенті Тасбулат Диана I дәрежелі дипломмен, СИБ-21-3 тобының студенті Мамырбек Нұрлыбек II дәрежелі дипломмен, СИБ-21-3 тобының студенті Орман Фариза III дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мамандығым — мақтанышым» байқауында ГД-21-1 тобының студенті Сексенов Дамир I дәрежелі дипломмен, ЦАФ-21-2 тобының студенті Әуелхан Марал II дәрежелі дипломмен, СИБ-21-1 тобының студенті Базарбай Бейбарыс III дәрежелі дипломмен марапатталды. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында МАШ-21-1 тобының студенті Билдемиров Досымжан I дәрежелі дипломмен, ЦАФ-21-2 тобының студенті Жақия Алтынай II дәрежелі дипломмен, СИБ-21-3 тобының студенті Сазанбек Алмабек пен ЭЭ-21-1 тобының студенті Аминбай Арман III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сайыс барысында әділ қазы болған М.Ә. Хасен — Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушы, Ғ.М. Әбілқасов — Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушы, Н.М. Аубакиров – Ш.К. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының жетекшісі, И.Е. Смаилов – «Жас Орда» жастар қауымдастығының төрағасы қатысушыларға әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады.

Без рубрики