«No extremism, no terrorism» атты кең ауқымды акция


2019 жылы 17 қазанда №2 оқу корпусының 207 аудиториясында Қарағанды облысының дін істері Басқармасымен бірлесе отыра ҚарМТУ студенттері арасында «No extremism, no terrorism» атты кең ауқымды акция өткізілді. Акция Рухани келісім күніне орайластырылған. Студенттер алдында тәрбие ісі жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Амангазиевна, мониторинг, ақпараттық-түсіндіру және талдау жұмыстары бөлімінің басшысы Нұрлан Мұратұлы Аймағамбетов, «Жас Орда» жастар қауымдастығының өкілі Ернұр Керімқұл сөз сөйледі.

Барлық сөз сөйлеулерде біздің Қазақстанның болашағы қандай болатындығы, елімізді жаңа жетістіктерге жетелейтін жастар екенін үндеді! Және Қазақстанның болашағында терроризм мен экстремизмге орын жоқ екенін баса айтты.

Студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы күреске қолдау көрсетуге шақырды!

Олар бір дауыспен:

«Терроризмге жол жоқ!» Соғыс жоқ!

Біз бейбіт елде тұрамыз!» деп айтты.

 

Без рубрики