2019 жылдың 29 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Қарағанды облыстық «Доверие» ЗТБ Қарағанды қаласының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімімен бірлесіп, есірткі құралдарының жарнамаларын жою бойынша акция ұйымдастырды. Аталған акцияға ҚарМТУ-дың полицияға көмек көрсету жасағы қатысып, 20-дан астам жарнамаларды жойды.