Конкурсқа бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура 1-курс студенттері қатыса алады.
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн–өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет.
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
- Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2022 жылдың 24 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында қабылданады.