Академик Әбілқас Сағыновтың марапаттары университет мұражайына табысталды


Бүгін Қарағанды техникалық университетінде маңызды шара өтті: Әбілқас Сағыновтың немересі Аскар Сағынов анасымен бірге университет мұражайына академиктің жеке наградаларын тапсырды. Мұражайға өткен 32 награданың ішінде – Социалистік Еңбек Ерінің алтын жұлдызы, Еңбек Қызыл Ту ордені, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының медальдары, «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және басқалары бар.

«Марапаттардың ҚарТУ мұражайында сақталғаны дұрыс жеп шештік. Бұл студенттер мен университет қызметкерлеріне академиктің жетістіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді», – деді Аскар Сағынов.

Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева өз алғысын білдіріп: «Әбілқас Сағынұлының жарты ғасырлық жемісті қызметі ғылым мен техниканың дамуына, көмір өнеркәсібін жетілдіруге және инженерлік кадрларды даярлауға зор үлес қосты. Университет академиктің қалдырған асыл дәстүрін әрі қарай абыроймен жалғастыруда»,- деп атап өтті.

Соңында Аскар Сағынов және әлеуметтің тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов ордендер мен медальдарды тапсыру-қабылдау актісіне қол қойды.

Без рубрики