AGH (Польша) делегациясының Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне сапары


2025 жылдың 3-4 қыркүйегі аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне Польшаның Краков қаласындағы AGH Ғылым және технология университетінің ресми делегациясы келді.

Сапар мақсаты – инженерлік, материалтану және ақпараттық технологиялар салаларында ғылыми ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ академиялық және зерттеу тәжірибе алмасу.

Іс-шара аясында:

  • семинарлар мен дәрістер,
  • ғылыми консультациялар,
  • профессор-оқытушылар және студенттермен кездесулер өткізілді.

Делегация құрамында әртүрлі ғылыми салалардан жетекші профессорлар болды. Олар өздерінің халықаралық ғылыми жобалар саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

Бұл сапар университетіміздің халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп, жаңа ғылыми бастамаларға жол ашты.

Без рубрики