«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қарлығаш Қанағатқызы Нұржанова «Қазақ тілі» пәні В1 деңгейі бойынша ЦАФ-23-3 тобында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп . . .» тақырыбында шеберлік сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттердің сөздік қорын жаңа сөздермен байыту. Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Грамматикалық білімдерін тереңдету. Оқытушының сұрақтарына нақты жауап беруге үйрету. Танымдық қабілетін дамыту, сауаттылығын жетілдіру. Студенттерге адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Мәдениетін құрметтеп, адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерге баулу. Патриотизм сезімін тәрбиелеу.
Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов: «Өз халқының интеллектуалдылығының, адамгершілік және рухани мәдениетінің бейнесі ретінде Абай әлемдік тәртіптің ұлттық жетістігі екені сөзсіз», — деп жазды.
Көрнекті пәкістандық қоғам қайраткері және ғалым Ахмад Хасан Дани: «Абай Қазақстанның ақыны ғана емес, бүкіл әлемнің ақыны… Үш сөз – махаббат, әділдік, бейбітшілік – Абай идеясын білдіреді. Бейбітшілік пен махаббат Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өте маңызды… Егер біз Абай өсиеттерін, оның идеологиясын ұстанатын болсақ, онда біз интегралды, тұтас адамзатты құра аламыз деп ойлаймын» — деген болатын.
Оқытушы сабақта «Сын тұрғысынан ойлау», «Эвристикалық», «Синквеин», «Миға шабуыл», «Суреттер сөйлейді» әдістерін қамтыды. Сұрақ – жауап, ой бөлісу, кeрі байланыс жасалды. Тілді үйретудің оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым тілдік дағдылары толық орындалды.
Тақырыпқа негізделген тапсырмалар Joyteka білім беру платформасынде «Мақал-мәтелдер» бойынша квест ойыны арқылы өтті. Студенттер Joyteka платформасында бірнеше сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындады. Осы платформада «Суреттер сөйлейді» викториналық сұрақтар берілді.
Студенттер Абай Құнанбаевың өлеңдерін жатқа оқып, мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті.