Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби кездесу


2020 жылдың 21 ақпанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби кездесу өтті.

Әдеби кездесудің арнайы қонағы — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы ғалым Жұртбай  Тұрсын Құдакелдіұлы.

Аталмыш кездесуге Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, ф.ғ.д Ж.Қ. Смағұлов, Қарағанды медицина университетінің профессоры, ф.ғ.д. Ш.Ш. Жалмаханов, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі М.А. Маретбаева қатысты.

Мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.

Абай Құнанбайұлының бізге жеткен қымбат поэзиясы мен қара сөздерін насихаттау арқылы келешек ұрпақты адамгершілікке, инабаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, өткен тарихымызды зерделеп, жастарды ұлттық әдет-ғұрыптар мен рухани құндылықтарға баулу.

ҚарМТУ студенттері (акт залы – 400 астам адам) келген қонақтың әңгімесіне үлкен қызығушылық танытып, зейін қойып тыңдады. Кеш қонағына сұрақтар қойылып, толық мазмұнды жауап алынды. Сонымен қатар, техника мамандықтарының студенттері ұлы ақынға арнап шығарған өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Без рубрики