АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

2024 жылғы 11-12 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған

«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференцияда келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:

  1. Энергетика және энергия үнемдеу
  2. IT-және Smart-технологиялар
  3. Автоматтандыру. Робототехника
  4. Электроника және телекоммуникация
  5. Тау-кен ісі
  6. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
  7. Машина жасауды дамыту перспективалары
  8. Металлургия және материалтану саласындағы инновациялық технологиялар
  9. Көлік және логистика
  10. Жаратылыстану ғылымдары
  11. Гуманитарлық ғылымдар
  12. Экономикалық ғылымдар
  13. Химия-биология ғылымдары
  14. Құрылыс және сәулет 

Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулерінің маңызды нәтижелері бар Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары шақырылады.

Конференцияға қатысу тегін.

Қатысу формасы: тікелей, online, сырттай

Баяндама тезистерін, өтінімді (қол қойылған сканерленген нұсқа) және тезисті плагиатқа тексеру нәтижесін (түпнұсқалығы 75% кем емес) электронды түрде nauka-2050@mail.ru электрондық поштасына 2024 жылдың 25 наурызына дейін жіберуді сұраймыз.

 Анықтама телефоны: (8-7212) 56-52-34.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы

Сулеев Б.Д.

Без рубрики