АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Абылкас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2023 жылдың 3 – 17 сәуірі

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университеті «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің 70 жылдығына арналған «Менің университетім» атты университеттік бейнероликтер байқауын өткізеді.

Байқауға колледж студенттері, университет студенттері мен магистранттары шақырылады. Қатысу тегін. Қатысу формасы: online

1 тур – 3 сәуір мен 14 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің 70 жылдығына арналған «Менің университетім» тақырыбында бейнеролик.

Талаптары:

— бейнероликті Инстаграм желісінде орналастыру (Reels);

— толық аты-жөнін, тобын және #70сагинов хештегін жазу;

— бұл reels-ты сторисіне қойып, @ktu_itb аккаунтын белгілеу;

— видеоның ұзақтығы 2 минуттан 2,5 минутқа дейін.

Ашық дауыс беру арқылы бағаланады (лайк саны). 1 турдан өткендер 2 турға қатысады.

2 тур – 17 сәуірде басты корпустың 350 аудиториясында, сағат 15:00-де 2-ші турдың бейнероликтері көрсетіліп, қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарады. Жеңімпаздар марапатталады. 

Байқауды ұйымдастыру комитеті

Без рубрики