Университет міндеті


Миссиясы

Қарағанды өңірінің және тұтастай Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін инновациялық инженерлік білім берудің, ғылыми зерттеулер мен коммерцияландырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Көзқарасы

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті — Қазақстан мен Орталық Азияның білім, ғылым, инновация, өндіріс және бизнес интеграциясын қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі университет.

Құндылықтары

Білімді азаматтар: жоғары академиялық сапа, білім беру бағдарламаларының икемділігі мен инновациялылығы; сыни ойлауды дамыту және шығармашылық әлеуетті іске асыру арқылы студенттерді кәсіби қызметке дайындау; өмір бойы білім беру процесінің үздіксіздігі және оның деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Білім: оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби қызмет саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысуын қолдау, жаңа білімді қалыптастыруға, оларды жаһандық қоғамдастықта, оның ішінде ғылыми ынтымақтастық арқылы қолдануға және таратуға ықпал ету.

Қоғамдастық: қызметтің барлық бағыттары бойынша этикалық мінез-құлық, құрмет, жауапкершілік және сенім ахуалын құру; білім алушылардың мәдени құзыреттілігін қалыптастыру; кәсіптік даму мен мансаптық өсуге бағытталған білім алушылар мен қызметкерлерді жан-жақты қолдау.

Серіктестік: ақпараттық-насихаттау қызметін жүзеге асыру, жұртшылыққа білім беру; барлық стейкхолдерлермен тұрақты әріптестік қатынастар арқылы іске асырылған ғылым, білім, бизнес және өндірісті интеграциялау.

Алқалылық: сындарлы диалог және талқылау; негізделген және сапалы шешімдер; көптеген баламалардың болуы; ұжымда сенімділікті, ынтымақтастықты және өзара түсіністікті дамыту; қызметтің тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу; тәуекелдерді азайту.

Жауапкершілік: өз қызметіндегі есеп беру; академиялық бағдарламаларды тұрақты бағалау; қызметті жауапты жоспарлау, қаржылық және операциялық рәсімдердің ашықтығы; іскерлік бедел, тұтынушының брендке деген сенімі мен қолайлы жағдайға икемділігі  сияқты материалдық емес активтерді қалыптастыруға бағытталған тұрақты даму қағидаттарына бейілділік.

Орнықтылық: қазіргі заманғы ғылыми-білім беру инфрақұрылымы, цифрлық экожүйе және академиялық артықшылық мәдениеті, білім алушылар мен қызметкерлердің зияткерлік және жеке өсуі арқылы олардың әл-ауқатын арттыру үшін жағдайлар қалыптастырады; қоршаған ортаға ұқыпты қарау; тиімді тәуекел-менеджмент; зияткерлік дамуды, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, халық үшін жоғары білімнің қолжетімділігі.

Без рубрики