 |
Сулеев Бахтияр Даниярович – Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша аяқтап, «көлік бакалавры» академиялық дәрежесін алды.
2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 6М071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітіріп, «техника ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің докторантурасында 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша білім алды.
2019 жылдың 1 қарашасында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
2012 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасының оқытушысы қызметін бастады.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап Ғылым және инновациялар департаментінің директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Құрылыс, жол және жүк көтеру-көлік машиналары саласының маманы. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
Байланыс мәліметтері:
Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас ғимарат, 232 кабинет.
Тел.: 8-7212-56-51-87;
E-mail: b.suleev@ktu.edu.kz
|
 |
Моисеев Валерий Семенович – Ғылым және инновациялар департаментінің бас сарапшысы
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Ғылым және инновациялар департаментінің бас сарапшысы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
1949 жылдың 4 қыркүйегінде Қарағанды қаласында туған.
1966 жылы №73 орта мектепті бітірген.
1966-1971 жж. – Қарағанды политехникалық институтында (ҚарПТИ) оқыды;
1971-1973 жж. – КСРО қарулы күштерінде қызмет етті;
1974 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚарМТУ-де (бұрынғы ҚарПТИ) инженер, ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, УНиМС ғалым хатшысы және Ғылым және инновациялар департаментінің бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
Эксперименттік машиналар саласының маманы, 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.
Байланыс мәліметтері:
Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас ғимарат, 226 кабинет.
Тел: 8 (7212) 56-52-34 (ішкі 1052)
Е-mail: si.department@ktu.edu.kz
|