ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ


2026 жылғы 16 қарашада «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-нің Инфрақұрылымды дамыту бойынша дирекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне арналған кеңес өткізілді.

Іс-шараға Дирекция бөлімшелерінің 20 басшысы қатысты. Кеңесті Дирекция директоры Г.Мусина ашып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, қызметтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу аясында Азаматтық қорғаныс штабының бастығы С.Кульжанов «Инфрақұрылымды дамыту бойынша дирекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, өнім берушілермен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі объективтілік, материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ мүдделер қақтығысын анықтау және оның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бас сарапшысы Г.Сейдимбекова комплаенс-қызметтің негізгі функциялары мен міндеттерін түсіндіріп, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтаудағы рөліне тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, сондай-ақ ашықтық, адалдық және жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру университеттің корпоративтік мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ашық, адал әрі жауапты жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Без рубрики