Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері «Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша өткен олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғады.
Білім сайысына университетімізден үш команда қатысып, барлығы жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, екі команда II орынға, ал бір команда III орынға ие болды.
Олимпиаданы Қазан мемлекеттік энергетика университетінің «Электр энергетикалық жүйелері мен желілері» кафедрасы ұйымдастырды. Сайыс барысында қатысушылар теориялық білімдерін, кәсіби дайындықтарын және күрделі электротехникалық есептерді шешу қабілеттерін көрсетті.
Жүлдегер студенттеріміз бен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұнды тапсырмалар ұсынған Қазан мемлекеттік энергетика университетінің ұжымына алғыс білдіреміз.
Студенттеріміздің жетістігі – университетіміздегі сапалы білім мен кәсіби даярлықтың жарқын көрсеткіші!