Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі №648 бұйрығына сәйкес, Жунусбекова Жанара Жұмашқызына «Машина жасау» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Құрметті Жанара Жұмашқызы!
Сізді ғылым саласындағы жоғары жетістігіңізбен және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қажырлы еңбегіңіз бен ғылыми-педагогикалық қызметіңіз машина жасау саласының дамуына, білікті инженер мамандарды даярлауға және жас ұрпақтың ғылыми әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді.
Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, ғылыми ізденістеріңізге табыс, жаңа шығармашылық жетістіктер мен биік белестер тілейміз!