SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY: ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғылыми ортасында тағы бір айтулы оқиға. Университет өкілдері Еділ Иманов, Жасұлан Атамбаев және Анна Ким философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленді.

Ғылыми дәрежелер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің тиісті бұйрықтары негізінде берілді:

Еділ Құттыбайұлы Иманов — 2026 жылғы 12 мамырдағы №333 бұйрық;

Жасұлан Нұрбаевич Атамбаев —  2026 жылғы 8 маусымдағы №420 бұйрық;

Анна Станиславовна Ким — 2026 жылғы 14 сәуірдегі №243 бұйрық.

PhD дәрежесін алу — ғылыми зерттеу мен ізденістің маңызды кезеңі. Бұл жетістік әріптестеріміздің кәсіби біліктілігі мен ғылымға деген жауапкершілігін көрсетеді. Олардың алдағы зерттеулері университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарын дамытуға және жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді ғылыми дәреже алуларыңызбен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми жұмыстарыңызға сәттілік, зерттеулеріңізге табыс тілейміз. Жаңа идеялар мен тың ізденістеріңіз жемісті нәтижелерге ұласып, ғылым жолындағы еңбектеріңіз лайықты бағалана берсін!

Без рубрики