10 қараша күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Бейбітшілік пен даму үшін Дүниежүзілік ғылым күніне орай «Ғылым дипломатиясы: өзгермелі әлемдегі ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Али Мехтиев, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, магистранттар мен студенттер қатысты.
Кездесудің басты назарында ғылымның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары, университеттің ғылыми әлеуетін арттыру және жас ғалымдарды қолдау мәселелері болды.
Ғылым мен білімді ұштастыру, жаңа идеялар мен инновациялық бастамаларды қолдау, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді қоғам игілігіне бағыттау – университеттің стратегиялық басымдықтарының бірі. Осындай кездесулер ғылыми қауымдастық арасындағы ашық диалогты дамытуға және жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.